Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен бір топ журналист президент сыйлықтарын және гранттарын иеленді.
Қазақстан Республикасы президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
«31 арна» телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абайға;
«Казахстанская правда» газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.
Қазақстан Республикасы президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
Orda. kz ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;
«Хабар 24» телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;
Tengrinews. kz ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;
Qazaqstan телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.
Қазақстан Республикасы президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы алғысы:
«Время» газетінің шығармашылық ұжымына;
«Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;
Kaztag ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;
TDK-42 телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.