Алматыда құрбандық шалуға рұқсат етілген 14 орын бар. Бұл туралы Алматының бас имамы Төлеби Оспан мәлімдеді.
Бас имамның айтуынша, Алматы әкімдігі санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малды сою және таратуға рұқсат етілген арнайы 14 орынды бекітті.
Аталған орындарда мешіт қызметкерлері құрбандық шалудың шариғат талаптарына сай өтуін қадағалап, діни рәсімдерді атқарады. Бұл ретте Алматыда құрбандық шалуға рұқсат етілген орындар тізімі келесідей:
Алатау ауданы бойынша:
1.«Мырзахмет» мешіті. «Қарасу» шағынауданы, Солтүстік айналым көшесі, 15 үй.
2. «Әскер ата» мешіті. Әйгерім-1 шағынауданы, Бенберин көшесі, 18/4.
3. «Алғабас» мешіті. «Алғабас» шағынауданы, Ақбөпе көшесі,
Әуезов ауданы бойынша:
4. «Таугүл» мешіті. Таугүл-3 шағынауданы, Паримбетов көшесі, 9а.
Бостандық ауданы бойынша:
5. «Бақыткелді» мешіті. Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11.
Медеу ауданы бойынша:
6. Алматы Орталық мешіті. Пушкин көшесі, 16.
7. «Омар ибн Әл Хаттаб» мешіті. Жуков көшесі, 136 а.
8. «Аманқұл ата» мешіті. Т.Бигелдинов көшесі, 5
9. «Фатима» мешіті. Ш.Жәнібек көшесі, 148.
10. «Райымбек батыр» мешіті. Думан-1 шағынауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15.
11. «Арафат» мешіті. Ибрагимова көшесі, 5 а
Наурызбай ауданы бойынша:
12. «Қалқаман» мешіті. Қалқаман-2 шағынауданы, Аспандияров көшесі, 84.
Түрксіб ауданы бойынша:
13. «Қайрат» мешіті. Қайрат шағынауданы, Сарымулдаев көшесі, 22.
Жетісу ауданы бойынша:
14. «Вайнах» мешіті. Айтықов көшесі, 1а.
Бұл орындарда мешіт қызметкерлері халыққа құрбандық шалу рәсіміне қатысты қызметтерді атқарады, — деді Төлеби Оспан брифиңде.
Айта кетейік, биыл қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні 28 маусымға түсіп тұр.
Құрбан айт күндері жағдайы келмейтін адамдарға қарыз алып құрбандық шалу міндет емес.
27 маусым – Арапа күні. Арапа күні жасалатын ең ізгі амалдардың бірі – ораза ұстау. Ол – сүннет.