Қазақстанда жаңа «Ел бірлігі» ордені бекітіледі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі президент өкімінің жобасын әзірледі.
«Ел бірлігі» ордені диаметрі 50 миллиметр болатын екі қабатты сегіз бұрышты жұлдыз пішінінде жасалған.
Орденнің беткі жағының ортасында «шаңырақ» орналасқан көгілдір түсті эмальмен толтырылған. «Шаңырақтан» шеңбер бойымен «уық» түріндегі күн сәулелері таралған. «Шаңырақтың» айналасында көгілдір түстің аясында «қошқар мүйіз» оюы орналасқан. «Шаңырақтың» астындағы лентада жартылай шеңберде «Ел бірлігі» деген жазу орналасқан.
Орден ақ түсті металдан – алтын жалатылған күміс қорытпасынан жасалады.
Өкім жобасы азаматтардың ұлт бірлігін нығайтуға сіңірген еңбегін тануға бағытталған және тиісті мемлекеттік награданы құру жөнінде шаралар қабылдауды, осы мемлекеттік награданың сипаттамасын көздейді, — делінген жазбада.
«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжат 12 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.