Елдің көп бөлігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК 26 маусымға арналған еліміздегі ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөліктң ықпалында болады. Жауын-шашынды ауа райы сақталып, елдің солтүстігінде, түнде оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, күн күркірейді, қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жаумайды. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстік, шығыс өңірлерде тұман түседі, — делінген хабарламада.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының орталығында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, батысында, Қызылорда облысының шығысында, Ақтөбе , Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Павлодар қаласының орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында, Алматы, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында және Қызылорда облысының орталығында өрт қаупі жоғары.