Іле-Балқаш резерваты аумағындағы қамысты алқаптың 150 гектары өртеніп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Іле-Балқаш резерватында (алыс қашықтағы арнайы жолы жоқ, кісі аяғы жетуі қиын саз-балшықты жерде) 150 гектар қамысты алқап өртеніп жатыр. Өрттің жалпы аумағы — шамамен 6 200 гектар, оның ішінде 6 050 гектар аумағы сөндірілді, — делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар ТЖМ қазір елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоғын айтты.