Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Мәскеу және Уәлиханов көшелерінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
24-26 маусым аралығында жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне байланысты Н.Тілендиев даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі учаскедегі Мәскеу көшесі бойынша көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Сонымен қатар 24-26 маусым аралығында Ш. Уәлиханов көшесінің А. Иманов көшесінен Кравцов көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс толығымен жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.