Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда бүгін ауа райы құбылмалы

Қазақстанда бүгін ауа райы құбылмалы

Қазгидрометтің болжауынша, бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар-жаңбыр жауады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын болуы мүмкін.

Фото: Аzh.kz

Кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады, батыста жаяу бұрқасын, оңтүстіктің кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Түнде және таңертең Атырау, Акмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version