Кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады, батыста жаяу бұрқасын, оңтүстіктің кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.
Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.
Түнде және таңертең Атырау, Акмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.