Төрт айдағы бюджет тапшылығы 1 триллион 355,5 миллиард теңге болды

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады.

Министрліктің мәліметінше, қаңтар-сәуір аралығында мемлекеттік бюджетке 7 540,7 миллиард теңге түсім келген. Оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 6 триллион 140,2 миллиард теңге болған. Ал шығыстар 8 триллион 72,6 миллиард теңге болып, бюджет тапшылығы 531,9 миллиард теңге көлемінде қалыптасқан.

Республикалық бюджетке түсімдер 5 триллион 638,9 миллиард теңге болды. Оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 4 триллион 17,6 миллиард теңге болды. Шығыстар 6 триллион 994,5 миллиард теңгені, оның ішінде шығындар – 6 триллион 778 миллиард теңгені құрады. Тапшылық – 1 триллион 355,5 миллиард теңге.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік борышы 26 триллион 418,9 миллиард теңге (59 миллиард АҚШ доллары) немесе болжамды ЖІӨ-нің 21,9%-іне тең болды. Мемлекеттік борыштың 86%-ін үкіметінің борышы (22 триллион 718 миллиард теңге немесе болжамды ЖІӨ-нің 18,8%-і), — делінген хабарламада.