Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны артады.
Әуе қатынасы туралы хаттамаға Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрлігі қол қойды.
Құжат бойынша елдер арасында тұрақты әуе рейстерін ұшыру үшін құқықтық база кеңейтілді.
Енді екі елдің жолаушылары үшін 32 рейс емес, 42 рейс ұшатын болады.
Құқықтық базаны кеңейту елдер арасында ұшатын рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы авиатасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттырады. Сонымен қатар елдер арасындағы сауда — экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал етеді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, хаттамаға премьер-министр Әлихан Смайыловтың Әзербайжанға сапары кезінде қол қойылды.