Басты бетЖаңалықтарАлматы әкімі...

Алматы әкімі науқастардан АИТВ анықталуына байланысты пікір айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев 2021-2022 жылдары АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы)  жұқтынғандар саны артқанын мәлімдеді.

«Сіз басшылық еткен жылдары екінші рет ВИЧ жұқтыру оқиғасы тіркелді. Қандай да бір жауапкершілік сезінесіз бе?» — деп сұрақ қойды тілшілер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

17 жыл өтсе де менің жауапкершілігіме қатысты сұрақтар әлі қойылады. Мен 2006 жылы сала басшысы ретінде өз жауапкершілігімді түсінгенмін, өзімді жауапты адам ретінде көрсеттім деп те ойлайдым. Шымкенттегі жағдайды да сол кездегі денсаулық сақтау министрлігі анықтаған еді, мұндағы мәселелер жөнінде де хабардармыз. Жұмыс жалғасып жатыр, осы жылдары қадағалау айтарлықтай күшейтілді. Сондықтан, регламентке сәйкес, реанимацияда көмек көрсетілген соң 30 күннен кейін барлығы тиісті тест тапсырады. Сонда екі адам анықталды, одан кейін 2-13 маусым күндері қалалық АИТВ орталығымен барлық қажетті жұмыстарды жүргіздік және тағы бір жағдайды анықтадық, — деді Ерболат Досаев.

Сонымен бірге қала әкімі 2021-2022 жылдары АИТВ жұқтынғандар саны артқанын айтты.

Олардың 82%-інде жыныстық жолмен жұқтыру тіркелген, қалғаны – төтенше жағдай және есірткі заттарын тұтынудан болған. Сондықтан, бұл клиникаға келді ме, әлде клиникадан жұқты ма, оны комиссия анықтап жатыр. Мәселе клиника басшылығын жұмыстан шеттету мен шығаруда емес, барлығы жұмыс орнында өз жауапкершілігін арқалауы керек. Комиссия қорытындысы бойынша, барлық қажетті шешім қабылданады, — деді Ерболат Досаев.