Басты бетЖаңалықтарАлматыда бауырсақ...

Алматыда бауырсақ пісіруден жаңа рекорд орнатылады

Алматыда бауырсақ пісіруден жаңа рекорд орнатылады. Дәмді әрі жұмсақ бауырсақтар 24 маусымда Алматыдағы Magnum гипермаркетінің автотұрағында өтетін Fairy Bauyrsaq Day іс-шарасында әзірленеді. Жаңа көрсеткішті КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілдері тіркейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды отбасы мерекесі Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл күні тұрғындар қазақ ұлттық тағамы — бауырсақтың дәмін татып қоймай, Қазақстанның талантты әртістерінің өнерін тамашалайды. Оған қоса фотоға түсуге арналған арнайы орындарда достары және отбасымен бірге естелікке суретке түсе алады.

Бұл күн балаларға да, ересектерге де ерекше әсер сыйлайды, — дейді ұйымдастырушылар.

Бауырсақты пісіріп болған соң қазанның майын ыдыс жууға арналған Fairy өнімімен жуады. Fairy үйілген ыдысты жууға көмектесіп қана қоймай, ең лас ыдыстарды мұнтаздай етеді.

Fairy Bauyrsaq Day 24 маусым 15.00-де Алматыдағы Magnum гипермаркетінің автотұрағында (Радостовец, 292) өтеді.