Басты бетЖаңалықтарҚайрат Құдайбергенді...

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 тамызға дейін ұзарды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылғы 21 тамызға дейін ұзартты.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни, күдікті 2023 жылғы 21 тамызға дейін қамауда отырады, — делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген 2022 жылғы сәуірде қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды. Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр.