Алматы облысында «JasylEl» бағдарламасы бойынша 1 300-ден астам жас жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев баяндады.
Маманның айтуынша, қазіргі кезде облыс бойынша 14 пен 35 жастағылар саны 451 344. Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту үшін «JasylEl» еңбек жасақшылары еріктілерінің қатысуымен облыс көлемінде жыл басынан 500-ден аса шара өткізіліп, 5000-ға жуық жасты қамтитын «Киелі табиғат» ағаш отырғызу ,«Экоплоггинг» акциялары, ай сайынғы «Таза Әлем» науқаны мен түрлі бағыттарда шаралар ұйымдастырылды.
«Жасыл ел» жобасын материалдық-техникалық жарақтандыруға 2023 жылға 150 млн теңге қаражат бөлініп, 1365 адамды уақытша жұмыспен қамту көзделіп отыр, – деді Мақсат Кенешов.
Сонымен қатар жұмыссыз жастарды қолдау мақсатында «Jana qadam», «Ақпаратты Қазақстан», «Жас кәсіпкер», «Менің болашақ мамандығым» жобалары жүзеге асырылып жатыр.