Райымбек ауданының орталығы – Нарынқолда жаңа нысандар бой көтеріп, абаттана түсуде. Жуырда ауылдың мәдени өмірінде айрықша жаңалық болды. Орталық саябақтың құрылысы толықтай аяқталып, ел игілігіне берілді.
Заманауи саябақтың көркі алыстан көз тартады. 3 гектар аумақты алып жатқан саябақтың жалпы жоба құны 309 млн теңге. «GOLDEN CITY» ЖШС құрылыс жұмыстарын сапалы орындап шыққан. Саябақ ішінде 2000 түп ағаш отырғызылған. Сонымен қатар, концерттік бағдарламалар өткізетін арнайы сахна, спорттық ойындарға арналған алаңдар салынған. Орындықтар да әдемі орналасқан.
Саябақтың ашылу салтанатында аудан әкімі Берік Дүйсенбаев тұрғындарды құттықтады. Аудан ақсақалы Медетхан Абиров ақ батасын арнады. Игі шара Балалар күнімен тұспа-тұс келгендіктен аудан әкімдігі атынан саябаққа жиналған бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратылды. «Қарлығаш» балабақшасының кішкентай өнерпаздары ән салып, би биледі. Саябақ іші шатыққа бөленді.