Amanat партиясы құрылысы жүріп жатқан білім беру мекемесіне зерделеу жұмыстарын жүргізді

Алматы облысында «AMANAT» партиясы филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылысы жүріп жатқан білім беру мекемесіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев бастаған топ әуелі Қарасай ауданының Қаскелең қаласында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жол картасына енгізілілген 1500 орындық мектептің құрылысы 2021 жылы басталды. Биыл пайдалануға беріледі.

Қазіргі атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы кестеге сай жүргізіліп жатыр екен. Одан кейін жұмысшылардың саны, одан кейін құрылыс материалдарының сапасы тұрғындардың да, одан кейін біздің де көңілімізден шықты, — дейді Қуат Байғоджаев.