Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының...

Алматы облысының әкімі былтыр ашылған аралас мектепке қатысты пікір айтты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баспасөз мәслихатында Талғар ауданында былтыр ашылған аралас мектепке қатысты даулы сұраққа пікір білдірді.

«Алатау арайы» газетінің Талғар ауданындағы тілшісі аралас мектеп мәселесіне алаңдап, Талғар қаласындағы №25 мектептің айналасындағы дау-дамайды алға тартты. «Алдағы уақытта ауданда бой көтеретін 11 мектептің жайы қалай болады? Бәрі аралас мектеп бола ма, әлде қазақ мектебі бола ма?» деп сауал тастады тілші. Оған облыс басшысы орыс тілінде оқытатын мектепке орыс ұлтының ғана емес, қазақ отбасыларынан шыққан балалар да баратынын, оқу жылының ортасында оларды басқа мектепке ауыстыру мүмкіндігі болмағандықтан, №25 мектеп аралас мектеп болып қалғанын айтты.

Келешекте салынатын білім шаңырақтарының дені қазақ тілінде оқытылады, — деді өңір басшысы.