Басты бетЖаңалықтарЭкс-министр Арыстанбек...

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімі шықты

Астанада ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыйбайластарына үкім шығарылдыды.

Сот шешімі бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, — деді судья Бағлан Ыдырысов.

Ал оның сыйбайластары Алмаз Нұразханға қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Оған мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Президентке «Ерен еңбегі үшін» және «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағынан айыру туралы ұсыныс берілсін.

Азамат Көшенов қылмыстық кодекстің 28-бабы 2-тармағы 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-бөлігі бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылады және мемлекеттік сатып алумен айналысуына тыйым салынады.

Айым Сәдуақасоваға қылмыстық кодекстің 28-бап, 5-бап және 189-бап 4-бап 2-тармағы бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалады.

«Экспонат» ЖШС бухгалтері үй қамақта болды. Оны сот залында дереу қамауға алуға шешім шығарылды. Ал оның кәмелет жасқа толмаған баласын туыстарының асырауына немесе арнайы мекеменің қарауына беріледі.

Судья мәдениет және спорт министрлігінің арызын да ішінара қанағаттандырды. Сотталғандар 43 миллион 829 мың теңге көлеміндегі материалдық шығын төлеп беруге міндеттелді. Сонымен қатар әрбіреуі мемлекеттік бажды (328 718 теңге) және процессуалдық шығынды (855 343 теңге) өтеп, зардап шеккендер қорына 69 мыңнан жіберуге тиіс.

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты аппеляцияға шағым түсіретінін мәлімдеді. Қорғаушы тарап жоғарғы сотқа дейін барамыз дейді.

Еске салайық, Мұахмедиұлы мен оның сыйбайластарына «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сонымен бірге «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген болатын.

Тергеу материалдары бойынша, сотталушылар 221 миллион теңге жымқырған.