Алматыда қоғам және билік арасындағы сенімге арналған халықаралық форум өтті

2023 жылғы 9 маусымда Каспий университетінің пәрменді құқық ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Билікке сенім: пәрменді-құқықтық мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция мақсаты – қоғам мен билік арасындағы сенімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасу алаңын құру, сонымен қатар пәрменді құқық саласындағы жаңа ғылыми зерттеулерді жаңарту.

Конференцияда биліктің ашықтығы: сенімді қалыптастырудағы ақпараттың рөлі; Азаматтық бостандықтар мен құқықтарды қорғау: қауіпсіздік пен құқықтардың кепілдігі арасындағы теңгерім; Билік органдарына сенімді қамтамасыз етудегі сот билігінің және құқық қорғау органдарының рөлі; Шешім қабылдауға қоғамның қатысуы: мүмкіндіктер мен талаптар; Цифрлық трансформацияның үкіметке сенім мәселесіне әсері; Билік пен қоғам арасында сенімін нығайтудағы БАҚ орны мен рөлі атты негізгі тақырыптар қозғалды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы парламенті жанындағы «Парламентаризм институтының» өкілдері, Қазақстан мен Ресей Федерациясының белгілі заңгер-ғалымдар, әлеуметтанушылар және жоғары оқу орындарының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сарапшылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Шетелдік қатысушылардың қатарында РФ үкіметі жанындағы заңнама және салыстырмалы құқық институтының бас ғылыми қызметкері, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, РФ жоғары кәсіптік білім берудің құрметті қызметкері, криминалистер мен криминологтар одағының вице-президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Зайцев Олег Александрович және Қазан (Еділ бойы) федералды университетінің қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Епихин Александр Юрьевич болды.

Конференцияның модераторы Каспий қоғамдық университетінің пәрменді құқық ҒЗИ директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбаев Талғат Есенәліұлы болды.

Каспий қоғамдық университетінің ректоры, PhD докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Нүсенов Жолдасбек Мүсілімұлы өз сөзінде сенімнің негізінде қоғам мен билік арасындағы тұрақты қарым-қатынас қалыптасатынын, қоғамда саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге болатынын, елдегі азаматтылық пен патриотизм қалыптасатынын атап өтті. Билік органдарына деген сенім, шын мәнінде, демократияның іргетасы екенін айтты.

ҚР Конституциялық сотының төрағасы Әзімова Эльвира Әбілхасымқызы конференция тақырыбының өзектілігін атап өтіп, сенім мәселесінің екі жақты процесс екендігіне назар аударды. Оның айтуынша, мемлекеттік органдар мен шешім қабылдауға қатысқандардың барлығы сол шешімдер үшін жауапты болуы қажет. Сонымен қатар ол Конституциялық сот қабылданған шешімдердің қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сәйкестігін анықтау мақсатында құқықтық мониторинг жүргізетінін атап өтті. Әзімова ханым туындаған мәселелерді толық және жан-жақты қарау үшін Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің рөлін жұмысына қатысудың маңыздылығын атап өтті. Айта кету керек, ҒКК жұмысына қатысу Конституциялық сот орнына шешім қабылдау дегенді білдірмейді.

Ал сенатор, Қазақстан Республикасы парламенті сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты Тастекеев Қайрат Құлбайұлы Жаңа Қазақстанның қалыптасу жағдайында халық, қоғам және мемлекет арасында сенім орнату маңыздылығын атап өтті. Сенаттың жаңа құрамының осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқталды. Ол конференцияның барлық қатысушыларын мониторинг және халықтың сенімін арттыру мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Қаспий қоғамдық университетінің  Жеке құқық ҒЗИ директоры, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы «Билікке сенім және азаматтық құқық» тақырыбындағы баяндамасында «билікке сенімнің» үш түрін атады: 1) биліктің әрекетіне сенім (мемлекетке сенім); 2) мемлекеттік билік шығарған құқықтық актілерге сенім (құқыққа сенім) және 3) құқық қолдану актілеріне сенім (сот төрелігіне сенім). Баяндамашы сенімнің осы үш түріне егжей-тегжейлі талдау жасады. Сөзін қорытындылай келе, ол отандық заңнаманың дұрыс және ақылға қонымды нормаларын дамытып, шетелдік тәжірибені пайдалануға аса құлшыныс танытпау керектігін атап өтті.

Профессор Бұсырманов Жұмабек Дүйсешұлы «Билік пен халықтың өзара сенімі: пәрменді -құқықтық мәселелер» атты баяндамада конференция аясында халық пен биліктің өзара сенімі туралы айту керектігіне тоқталды. Халық пен биліктің өзара сенімі – қарқынды дамуды қалайтын заманауи мемлекет үшін аса маңызды және өмірлік маңызы бар мәселе. Халық, қоғам және мемлекет ұғымдарына кеңірек тоқтала отырып, баяндамашы билікке деген сенімді қалыптастырудағы халықтың рөлі мен орнын талдап көрсетті.

Нархоз университеті жанындағы Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер орталығының директоры Имашев Берік Мәжитұлы «Құқық қорғау органдарының қызметін бағалаудың мемлекеттік және үкіметтік емес жүйесін қалыптастыру. Мақсаттар мен жетілдіру жолдары»» баяндамасында азаматтардың заңға және мемлекеттің іс-әрекетіне сенімін сақтау қағидасы ҚР Конституциясында формальды түрде көрсетілмегеніне, бірақ оның құқықтық демократиялық мемлекеттегі құқықтық теңдік пен әділеттілік конституциялық қағидалардан туындайтын құндылық ретінде бар екенін ешкім жоққа шығармайтынына назар аударды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор Подопригора Роман Анатольевич «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және билікке сенім мәселелері» баяндамасында Конституциялық Соттың қызметін, қабылданған шағымдар мен шешімдердің сипатын атап көрсетті, ол өтініштердің саны азаматтардың қайта құрылған Конституциялық Сотқа деген үмітін айғақтайтынын және оның алғашқы шешімдері үмітті ақтайтынын атап өтті.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Мұхамеджанов Эдуард Болатұлы «Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы кезектен тыс сайлауы және олардың алдағы реформаларды жобалауға әсері» тақырыбындағы баяндамасында мемлекеттік билік бөлінісі мен тежемелік және тепе-теңдік мәселесі одан әрі жетілдіруді талап етеді және келешекте мемлекет басшысының биліктегі жеті жылдық мерзімінің соңына қарай парламенттік басқару нысаны бір палаталы парламентті құратын жаңа Конституцияны дайындай отырып, конституциялық реформаны жүргізу орынды болады  деді.

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы Айтхожин Қабдулсамих Көшекұлы Қазақстан Республикасы халықтың билікке сенім деңгейі бойынша төмен мемлекеттер тізімінде тұрғанын, азаматтардың билікке сенімі Қаңтар қырғыны кезінде іс жүзінде жойылғанын ескермеуге болмайды деді. Сәйкесінше, Қазақстанның болашағы халық пен мемлекет арасындағы сенімді жан-жақты нығайтуға тікелей байланысты.

Каспий университетінің пәрменді құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Сарсенбаев Талғат Есенәліұлы «Сот билігі және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру туралы»  баяндамасында сот және құқық қорғау органдарының қызметіне сенімсіздіктің себептеріне талдау жасады. Ол сот және құқық қорғау органдарының қызметіне сенім деңгейін арттырудың ұйымдастырушылық және заңнамалық жолдары мен тетіктерін атап өтті.

Әжіғұлова Халида Қанатбекқызы «ІІМ реформалау арқылы қоғамның билікке деген сенімін арттыру» баяндамасында полицияға сенімнің төмендігінің факторларын атап өтіп, ІІМ ішіндегі кемсітушілік мәселесін көтеріп, ІІМ реформалау бойынша өз көзқарасы мен ұсыныстарын атап көрсетті.

Калишева Нажия Құсайынқызы «Әкімшілік рәсімдерде тыңдалу құқығы – Қазақстанның «еститін мемлекет» қағидасының негізі» баяндамасында ҚР ӘРПК-ның көптеген қағидаттары әкімшілік іс жүргізу заңнамасының нормаларын нашар білуге ​​байланысты, не құқықтық тәртіпте өмір сүріп, жұмыс істегісі келмеуі салдарынан мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті деңгейде сақталмайтынын атап өтті, ал бұл халықтың мемлекетке деген сенімінің төмендеуіне ықпал етеді деді.

Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры, « «АXеDan Group» Заң компаниясы» ЖШС басқарушы серіктесі, заң ғылымдарының кандидаты, PhD Шәукенов Әли Темрленұлы «Кинематография саласындағы қаржыны бөлудегі айқындық шығармашылық интеллигенцияның мемлекетке сенімінің факторы ретінде» баяндамасында кинематография саласын қаржылық — құқықтық реттеу мәселелерін көтерді. Ол кинематографистер тарапынан мемлекеттік институттарға сенімсіздіктің себептерін атап, ұлттық кинематографияны реттеуді жетілдірудің ықтимал тетіктерін ұсынды.

Патрис Лумумба атындағы РХДУ Әкімшілік және қаржылық құқық кафедрасының аспиранты Надточий Михаил Дмитриевич «Рулингтер бизнестің билік институттарына дсенімін арттыру құралы ретінде» баяндамасында бизнестің билік институттарына сенімін арттырудың құқықтық құралы – әлемнің 100-ден астам елінде әрекет ететін және салық заңдарының біркелкі түсіндірілуі мен орындалуын қамтамасыз ететін,  сондай-ақ елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуды қамтамасыз ететін салық рулингтерін қарастырды.

«Саяси институттарға сенімнің негізгі факторлары» атты баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ Стратегиялық талдау бөлімінің меңгерушісі, PhD Тоқтаров Ермек Бауыржанұлы саяси институттарға сенім деңгейін талдау тәжірибесін бөлісті. Оның айтуынша, саяси институттарға сенім көптеген факторларға байланысты. Сенім деңгейін анықтаған кезде ең алдымен қоғамның саяси мәдениетінің ерекшеліктерін ескеру қажет, саяси жүйенің құрылымының өзі, билік құрудағы иерархия да сенімге әсер етеді, ал деректер шектеулі кезде сенімді әдістердің бірі репрезентативті іріктеу бойынша сауалнама жүргізуге сүйенуге болады.

Сонымен қатар конференция аясында профессор Олег Александрович Зайцевті «Caspian University құрметті профессоры»  атағымен марапаттау рәсімі өтті.

Конференцияны қорытындылай келе, модератор Сәрсенбаев Талғат Есенәліұлы барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғысын білдірді және іс-шара қоғамның ашықтығын және мемлекеттік биліктің тиімділігін арттыруға септігін тигізетін құрал – сенімге қатысты мәселелерді талқылауға бірегей мүмкіндік бергенін атап өтті. Қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді қамтамасыз етуге бағытталған барлық ұсыныстар мұқият қарастырылатынын жеткізді.

Конференция тақырыбы мен оның өзектілігі конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Әрбір баяндама қызу пікірталасқа ұласты. Конференция қорытындысы бойынша баяндамаларды жеке жинақ етіп шығару жоспарлануда.