Басты бетЖаңалықтарПрезиденттің қатысуымен...

Президенттің қатысуымен Халықаралық волонтерлар форумы басталды

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Халықаралық волонтерлар форумы басталды.

Кешеден бері өтіп жатқан Халықаралық волонтерлар форумына әлемнің 34 елінен 140-тан астам ерікті қатысып жатыр. Сонымен қатар 50-ге жуық шетелдік спикер келді.

Айта кетейік, кейінгі үш жылда елімізде волонтерлардың саны үш есе көбейді. Мысалы, 2019 жылы волонтерлік ұйымдардың саны 50-ден астам болса, қазіргі таңда 680-ге жетіп отыр. Сонымен бірге волонтерлардың саны 2019 жылы 50 мың болса, қазір республика бойынша волонтерлар саны 200 мыңнан асады.

Форумның негізгі мақсаты – волонтерлар қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені таныстырып, халықаралық аренада елдің оң имиджін қалыптастыру.