Мазмұнға өту
Басты бет / Білім /

Аяз Белқожаев нейродегенеративті ауруларды британ ғалымдарымен бірігіп зерттеді

Фото: Aikyn.kz
Аяз Белқожаев Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында істейді. Мекемедегі құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының ғылыми қызметкері. Ол Ұлыбританияға Ливерпуль университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Жас ғалым бұл тағылымдамаға «500 ғалым» жобасы бойынша Болашақ бағдарламасы арқылы барып келді. Ол молекулалық биология және биоинформатика бойынша үздік лабороториялардың бірі Өмір туралы ғылымдар саласындағы өнеркәсіппен өзара әрекеттесу лабороториясында тәжірибе жинады. Бұл зертхана Ливерпуль университетінде орналасқан.

Аяз Белқожаев институтта британ ғалымдарымен бірге нейродегенеративті аурулардың молекулалық деңгейдегі негізін зерттеді. Оған қоса хантингтон деген ауруы бар адамдардың жасушасындағы микроРНҚ экспрессиясының деңгейі мен оны кәдімгі жасушалармен салыстыра отырып зерттеген, — делінген ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Соның қорытындысы бойынша, хантингтон ауру бар жасушалар мен кәдімгі жасушалардың бір-бірінен біршама айырмасы бар екені белгілі болды. Мұндай қорытынды нейродегенеративті ауруларды уақытынан ертерек анықтауға болатынын, ондай диагнозды ертерек қоюға болатынын көрсетті. Мұндай зерттеудің болашағы бар екенін танытты. Демек, мұндай ауру бар адамды анағұрлым тиімді әдіспен емдеп-жазуға да болады.

Exit mobile version