Еліміздің аумағында бір апта ішінде 3 600-ден астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
Бір апта ішінде 3 608 қылмыс жасалды, оның 1 893-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» екі кісі өлтіруді, бір өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, екі қарақшылық, 35 тонау және 377 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, — деді Шұғыла Тұрлыбек брифиңде.
Сонымен қатар ресми өкіл өткен аптада құқық қорғау және арнайы органдардың командалары ішкі істер министрі кубогын сарапқа салғанын атап өтті. 17 команда қатысқан шағын футбол сайысында ІІМ құрама командасы 1-орынды, «Динамо» командасы 2-орынды, ҚР ІІМ ұлттық ұланының командасы 3-орынды иеленген.