2023 жылғы 16 маусымда Алматының Әуезов ауданындағы кейбір ғимараттар бір тәулікке суық судан ажыратылады.
Бұл туралы «Алматы су» МКК баспасөз қызметі хабарлады.
Сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін 3-шағынаудан аумағындағы No 1, 2, 41, 42, 42-А, 43, 43-А, 46, 47, 60 үйлеріндегі пәтерлерде суық су берілмейді. Салқын сумен жабдықтау қызметіне уақытша шектеулер көрсетілген қала аумағының сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі, — делінген хабарламада.