COURSERA-дан 14 сертификат: Әуезов университетінің студенті лидер атанды

М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің 2 курс студенті Нышанбек Азамат «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша «COURSERA қазақ тілінде» жобасының курстарында оқуды аяқтаған Қазақстанның үздік студенті атанды.

Нышанбек Азамат Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінің, Калифорния, Гонконг ғылым және технология Университетінің, Дьюк университетінің, Мадридтегі Халықаралық бизнес мектебінің, Мичиган университетінің, Райс және Колорадо университетінің онлайн курстарынан өтіп және тиісті сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар, курстардың екінші легіне де тіркелген.

10 маусымда Астанада өткен жиында Coursera компаниясының бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальд Азамат Нышанбайды курстағы жоғары жетістіктері үшін марапаттады.

Фото: Әуезов университеті

Азаматтың айтуынша, «Кәсіпкерлік: бизнес үшін негіз құру», «Командаларды басқару: көшбасшылық қасиеттерді дамыту», «ХХІ ғасырдағы жұмыс орнындағы қатынастар», «Кәсіби және жеке өнімділікке арналған уақытты басқару», «Инженерлерге арналған Дифференциалдық теңдеулер», «Инженерлерге арналған матрицалық алгебра», «Веб-деректерге қол жеткізу үшін Python пайдалану»,» Мәселелерді тиімді шешу және шешім қабылдау»,»Бизнес үшін киберқауіпсіздікке кіріспе» курстары сұранысқа ие болған.

Жаңа мамандардың теория мен практиканы ұштастыруына спорт кешенінің рөлі айрықша болмақ.