Басты бетЖаңалықтарАстанада «Медиация:...

Астанада «Медиация: халықаралық тәжірибе» дөңгелек үстелі өтті

2023 жылғы 12 маусымда Астанада «Голландиялық медиация институтының» бас директоры, медиация және келіссөздер бойынша профессор Ян ван Звиетен қатысуымен «Медиация: халықаралық тәжірибе» деп аталатын дөңгелек үстел өтті.

Аталған дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен республикалық грант жеңімпаздары «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ-мен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел Астана әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйінің ғимаратында өтті.

Іс-шараға ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, сонымен қатар еліміздің медиаторлары қатысты.

Ян ван Звиетен – медиация және келіссөздер бойынша профессор, «Голландиялық медиация институтының»  және «Голландиялық менеджмент институтының»  бас директоры, ресми түрде тіркелген медиатор (IRM, MfN және IMI), Голландиялық медиаторлар регистрінің бұрынғы басқарма төрағасы, «Голландиялық ұлттық медиация институтының» басқармасының бұрынғы қазынашысы.

Дөңгелек үстел аясында профессор Ян ван Звиетен еліндегі медиация институтының дамуы туралы айтып, жеке тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар медиаторлардың сауалдарына жауап берді.

Іс-шара соңында «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ атынан шетелден келген сыйлы қонақтардың иықтарына шапан жабылды.