Биыл «Астана Моторста» тағы бір премьера: UNI-V — Changan Auto концернінің UNI отбасындағы алғашқы жеңіл көлігі сатылымға шықты.

Changan UNI-V – өлшемі 4680х1838х1430 мм және клиренсі 152 мм болатын спорттық лифтбек. Оның 1,5 литрлік BlueCore турбо қозғалтқышы 181 аттың күшіне және 300 Нм-ге тең. Автокөліктің жеті сатылы, қосарланған «робот» қорабы дымқыл түрдегі қос ажыратқышпен (сцепление) толықтырылған. 7,1 секундта 100 км/сағ жылдамдықты алады. UNI-V-дің алдыңғы жетекті, бір-бірінен тәуелсіз аспалары бар. Атап айтқанда, алдыңғы жағы — Макферсон, артқы жағы көп иін тіректі жүйеде жасалған. Оған қоса R18 деген жеңілбалқытылған қара түстегі диск орнатылған.  UNI-V отбасылық UNI платформасы негізінде жасалған, сол себепті UNI-K кроссорверіне ұқсас тұсы көп.

көлік
Фото: Астана Моторс

Vision-V тұжырымдамасы Туриндегі конструктор бюросында әзірленді. 2020 жыл ол Бейжіңде UNI желісінің бастамасы ретінде ұсынылды. Дегенмен UNI-V сериясы концепцияға қарағанда харизмаға толы болып шықты. Бұл – сирек кездесетін жағдай. Концепция «суық», футуристік және «әсерлі» болса, серия «өткір» профильге және спорттық нұсқаға ие.

Серия нұсқасының дизайны ерекше: спорттық, сырт көрінісі талғампаз әрі қатаң адам сияқты. UNI-V-дің алдыңғы жағындағы жарық диодының «қырағы көзқарасына» екінің бірі төтеп бере алмайды. Қысқасы, UNI-V-дің барлық жерде «көзі» бар –  жүргізуші көліктің төрт камерасы арқылы айналасын 360⁰ градус көре алады, ал орнатылған бейнерегистратор жолдың төрт жағын да бейнеге түсіреді.

UNI-V аэродинамикаға аса мән береді. Оның есігінің тұтқасы жасырын тұрады, оған қоса көлік иесінің жақындағанын сезеді. Бұл да UNI-дің артықшылығы – автокөлікті толық жекеменшік ету. Көлік иесі бұл транспортының есігін кілтсіз аша алады, орындығын алты позицияға ауыстыра алады және биікке қарай рөлді реттеп, басқара алады.

көлік
Фото: Астана Моторс

UNI-V технологиясының курсы мықты, өзінің спорттық имиджін сақтаған – жүргізуші кәдімгі батырмалар арқылы жүйені басқара алады, жүргізушіге көмектесетін жүйелер хабарландыру режимінде жұмыс істейді. Бұл рөлдегі адамға өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді, бірақ «еркіндік — жауапкершілік екенін де» естен шығартпайды.

Автокөліктің техникалық қабілеттері жүйрік тұлпар іспеттес: жылдам, аспасы спортқа арналған, рөлі сезімтал.

UNI-V-дің әр бөлігі, оның ішінде қауіпсіздігі жіті ойластырылған. Оның актив қорғаныс пакеті C-NCAP-тың бес жұлдызына ие: алты жастықшасы, ABS және ESP жүйесі, дөңгелек қысымын қадағалайтын мониториңі, ыңғайланған круиз-контролі, жолақтан шығып кеткенде ескертетін жүйесі,  жаяу жүргінші жолағын көргенде бірден танып, көлікті автомат түрде тоқтатын функциясы, көлікті алды-артынан тұраққа қойғанда көмектесетін төрт радары, көлікті бір жерде ұстап тұратын интеллектуал жүйесі бар.

Фото: Астана Моторс

UNI-V салонының дизайны тұжырымдамадан алшақтамады: функционалды және минимализм сипатына ие. Салоны перфорацияланған эко-былғарыдан жасалған, түсі құм сияқты күңгірт реңкте. Бұл көлік ішін кең әрі ыңғайлы етіп көрсетеді. Оған қоса алдыңғы орындық жағында желдеткіш пен электр реттегіші бар.

Автокөлікті CHANGAN ресми диллер орталықтарынан жалғыз максимал конфигурацияда 12 990 000 теңгеге сатып алуға болады. Модель және сатып алу шарттары туралы қосымша ақпаратты сайттан немесе 70-07 телефон нөмірі арқылы білуге болады.