Жаз – адамдар асыға күтетін ең әдемі мезгілдің бірі. Балалар каникулға, ересектер еңбек демалысына шығып, пикник жасап, суға шомылып, шетелге саяхаттай бастады. Қазақтың тойы да осы маусымда қызады. Бір сөзбен айтқанда, жазға көпшілік біраз жоспар құрып қойған шығар ендігі. Дегенмен жазда қажет болатын заттарды алып, дайындалу керек екенін де ұмытпаған жөн. Ол қандай заттар болуы мүмкін? Baribar.kz редакциясы Jusan-мен бірлесіп, жазда әр адам мен отбасына керек заттар топтамасын ұсынады.

Ең бастысы, бұл заттың бәрін қалтаңызға салмақ салмайтындай етіп, 24 айға дейін бөліп төлеп алуға болады. Бұл — Jusan Дүкенде өтіп жатқан Boom! Оны 0-0-24 бөліп төлеу науқаны аясында жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Тауар немесе қызмет сомасы 50 мың теңгеге дейін болса, жасаған саудаңыздың 10%-ін бонус ретінде қайтарып аласыз. Науқан маусым айының соңына дейін жалғасады.

Электросамокат немесе велосипед

Автобус пен метрода қысылып жүруден шаршадыңыз ба? Таксидәң бағасы удай қымбат па? Мұндай жағдайда сізге электросамокат пен велосипед көмекке келеді. Жаздың ыстық күнінде осы екі транспорт арқылы қатынаған ыңғайлы. Таза ауада сергіп, қысылмай, діттеген жеріңізге лезде жетесіз. Самокатыңыз немесе велосипедіңіз кез келген жерде сізбен бірге болады. Кез келген уақытта жүйрік тұлпарға мініп, зу етіп қалаған жеріңізге барасыз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Үйге арналған бассейн

Аптап ыстықтан қиналып кететініміз сонша, «үстіме бір шелек суық су құйып жіберсе ғой» деп жатамыз. Оған қоса офисте отырып, теңізде, бассейнде шомылып жүргендерді көріп қызығып кетеміз. Дегенмен бұл проблеманың шешімі оңай. Үйіңізге үрмелі бассейн сатып алыңыз. Таңертең су толтырып қойсаңыз, түске дейін ол күн сәулесімен жылып тұрады. Кез келген уақытта рахаттанып шомылып аласыз. Балаларыңыз да мәз болып қалады. Оған қоса көп адам жүретін ақылы бассейнге барып, шығынданып жүрмейсіз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Желдеткіш

Биылғы жаз ыстық болатын сияқты. Маусымның басы болса да, далада температура 30 градусқа жетіп тұр. Үйде де, жұмыс орнында да ауа жоқ. Ыстық күнде бір жерге баруға, бір іс тындыруға зауқың да болмайды. Қысқасы, аптап ыстық адамның көңіл-күйін бір сәтте түсіріп жібере салады. Мұндайда не істеу керек? Желдеткіш алу керек. Желдеткіштің арқасында өзіңізді жайлы әрі сергек сезінесіз. Қазір желдеткіштің түр-түрі бар. Одан соққан желдің күшін де өз бетіңізбен реттей аласыз. Өзіңізге бағасы да, көлемі де ыңғайлысын алып, үйіңізге не жұмыс орныңызға орнатып қоюға кеңес береміз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Кәуап, стейк пісіруге арналған мангал, барбекю

Жаздың ең қызығы – табиғат аясындағы пикник. Таудың әдемі бөктерінде кілемше жайып, түрлі дәмді тағам жеп, ойын ойнап демалғанға не жетсін?! Оған қоса жігіттердің көбі пикникте кәуап, стейк пісіргенді ұнатады. Бірақ қашанға дейін біреуден мангал, барбекю сұрап немесе жалға алып жүресіз? Одан да біреуін сатып алып қойып, ұзағынан пайдаланыңыз. Оған қоса достарыңызбен және отбасыңызбен бірге аулада, тауда, табиғат аясының кез келген жерінде ұмытылмас кеш өткізіңіз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Көгалшапқыш, күрек, тырма: бау-бақшаға қажет заттар

Жазда бау-бақшада жеміс пен көкөніс пісіп, айналаның бәрі жап-жасыл болып көркейе түседі. Дегенмен арамшөп өсіп, біраз әлекке түсіретіні рас. Қазір арамшөпті, көгалды дұрыстап шауып беретін көгалшапқыш бар. Ол есік алдын біркелкі етіп қояды. Ал бау-бақшаны ретке келтіру үшін мықты күрек, тырма сияқты заттар қажет екенін ұмытпаңыз. Қоймаңызды бір қарап, қай құрылғыңыз сынып жатқанын, жаңасын алу қажет екенін тексеруге кеңес береміз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Мұздатқыш

Бау-бақшаны тазалап, онда түрлі жеміс пен көкөністі өсірдік. Ендігі аналарымыздың әуресі – тосап дайындау. Бірақ бұрын тосап дайындау үшін жемісті тазалап, қайнатып, оны банкаға жауып, жертөледе сақтайтын. Ал қазір қыз-келіншектер жаңа жеңіл әдіс ойлап тапты. Олар жемісті жуып, қантпен араластырып, қайнатпай-ақ, тоңазытқыштың мұздатқышына салып қояды. Қыста тіл үйірер дәмдіні мұздатқыштан аз-аздан алып, жеуге болады. Бірақ мұндай тосапқа үлкен, жеке мұздатқыш керек. Сол себепті сапасы жақсы бір мұздатқыш сатып алған жөн. Еш уайымдамаңыз, оны үнемі пайдаға асырасыз: жазда тосап, қыста соғым сақтайсыз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

«Бұл заттар қымбат қой» демеңіз. Арзан әрі сапалысын маусым айының соңына дейін жалғасатын BOOM 0-0-24 Бөліп төлеу науқаны аясында Jusan дүкеннен сатып алуға болады. Мәселен, онда 53 700 теңге тұратын көгалшапқыш бар. Оны сатып алсаңыз, 24 ай небәрі 4 475 теңгеден төлейсіз.

Дүкенде бұл заттардың әртүрлі бағада саналуан түрі бар. Сатып алып, рахатын көріңіз! Жазғы демалысыңыз жақсы өтсін!

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов