Басты бетЖаңалықтарТүркия үкіметі...

Түркия үкіметі Қазақстанға көңіл айтты

Түркия сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Абай облысындағы өртте адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Абай ауданында болған өрт салдарынан 14 орманшының қаза болғаны туралы хабарды терең қайғымен қабылдадық, дос және бауырлас Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз, — делінген ведомствоның Twitter-аккаунтында.

Еске салайық, Семей орманындағы өрт 8 маусымда тұтанды. Алғашында 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған, кейіннен өрт 60 мың гектардан астам алқапты шарпып, 14 адамның өмірін жалмады.

11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына барып, қаза болған қызметкерлердің туыстарымен кездесті. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жарияланды.

Абай облысында төтенше жағдай кезінде қаза болғандар «Құрмет» медалімен марапатталды.

Мемлекет басшысы Семейде орманшылардың отбасы-жақындарымен кездесуде 12 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын жеткізді.