Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 12...

Қазақстанда 12 маусымда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымда еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұны мемлекет басшысы Абай облысындағы өрттен қаза болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып барғанда мәлімдемеді.

Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза болған азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз, — деді президент.

Айта кетейік, Абай облысында «Семей» орманы резерватында 8 маусым күні өрт басталды. Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1 500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған. Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза болды.