Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысына төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысы мен табиғат апаты салдарымен күресу шаралар туралы баяндады, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1 500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.