Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапарда президент өрт сөндіру жұмыстарымен танысып, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді.
Оған қоса өрт кезінде қаза болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысының Абай облысына баратыны туралы хабарлаған болатынбыз.