Басты бетЖаңалықтарАбай облысындағы...

Абай облысындағы өрттен қаза болғандардың суреті жарияланды

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Facebook-парақшасында Абай облысындағы өртте қаза болған орманшылардың суретін жариялады.

8 маусымда сағат 22.00-де «Семей орманы» МОТР Жаңашүлбі филиалының 14 қызметкерімен байланысымызды жоғалттық. 9 маусымда сағат 13.00-де бізге үш адамның мәйіті табылғаны жайлы хабар алдық… Біз ғажайыпқа үміттендік, бірақ болмады. Бүгін жоғалған 11 адамның мәйіті табылды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абай облысындағы өртте қаза болғандардың тізімі жарияланды.