Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ жөніндегі жаңа министрді тағайындады

Сырым Шәріпханов төтенше жағдайлар жөніндегі министр болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды, — делінген жарлықта.

1967 жылғы 1 мамырда Алматыда дүниеге келген.

1991 жылы Қазан қаласындағы Михаил Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін бітірді. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор.

1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар басқармасының дайындық және оқыту орталығының бастығы болды.

2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін Алматы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы болып жұмыс жасады.

2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы қызметін атқарды.

2021 жылғы 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының бастығы болды.

Еске салайық, президент Абай облысындағы орман өрті аясында төтенше жағдай министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты.