Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Абай облысындағы алапат өртке байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді, — делінген хабарламада.