Абай облысында өртті сөндіруге әскери күштер мен құралдар жіберіліп жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Шығыс» ӨҚ қосымша 200 әскери қызметші мен сегіз бірлік техниканы отпен күреске көмектесу үшін жібергенін айтты.
Принебесное, Успенка, Каштак, Талица ауылдарының аудандарында өртті сөндіру жалғасып жатыр. Жетісу, Алматы, Қызылорда облыстарынан, Алматы және Қарағандыдан қосымша күш келеді. Бүгін таңертең «Шығыс» ӨҚ-ның 200 әскери қызметшісі мен сегіз техникасы шықты. Жедел штабтың жұмысы тәулік бойы жалғасады. Республикалық және облыстық штабта «Қауырт желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Таңғы сағат 7:00-де аэровизуалды тексеру жүргізілді, — деді Ұранхаев.
ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов өрт орнындағы жағдай тұрақтана бастағанын растады.
Бүгін таңертең өртті сөндіру жұмыстары жалғасты. сегіз тікұшақ, техника мен жеке құрам сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өртті сөндіру қиынға соғады. Қиын жағдайларға қарамастан, орманшылар мен өрт сөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық күштер мен құралдар сөндіруге жұмылдырылды. Өрт орнындағы жағдай тұрақталды, қорғаныс министрлігінен қосымша күштер тартылды. Экологияның бірінші вице-министрі және ТЖ жөніндегі вице-министр аэровизуалды тексеру жүргізеді. Біз өртті оқшаулау үшін бәрін жасаймыз, — деді Дербісов.
Айта кетейік, Абай облысында «Семей» орманы резерватында 8 маусым күні өрт басталды. Өртті сөндіруге төрт тікұшақ тартылып, жедел штаб құрылды. Кеше өртті сөндіру кезінде үш орманшы қаза тапты.