Басты бетЖаңалықтарАбай облысында...

Абай облысында ормандағы өртке байланысты жедел штаб құрылды

Абай облысында ормандағы ірі өртке байланысты жедел штаб құрылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Бородулиха ауылындағы Островский орта мектебінің және колледж базасында эвакуациялық пункттер ұйымдастырылған.

Успенское, Поднебесное және Барышевка ауылдарының тұрғындары өз бетінше туыстарының үйлеріне орналасты.

Аталған елдімекендерді қорғауға 122 адам және 30-дан астам техника тартылды.

Өрт орнында барлығы 462 адам, 70 техника және төрт тікұшақ жұмылдырылды. Тікұшақпен өткен тәулікте әуеден жалпы көлемі 30 тонна болатын 12 рет су төгілді, — делінген хабарламада.

ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков жіберілген.

Бүгін таңғы сағат 6:30-дан бастап облыс әкімінің орынбасарымен МИ-2 тікұшағында өрт аймағын аэровизуалды барлау жүргізіп жатыр.

Облыста орман өртіне қарсы күрес бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр. Жедел штаб құрылды. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев штабтың көшпелі отырысын өткізді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абай облысындағы өртті сөндіруге төрт тікұшақ тартылды.