Ақорда бүгін мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланғанын мәлімдеді.
Президент Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.
Сонымен қатар президент:
- Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;
- Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;
- Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;
- ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.