ТМД бойынша «Үздік жас ғалым — 2023» анықталды

Altynsarin Instute оқу орнының 3 курс студенті Шадбенова Нұрханым 2023 жылғы «ТМД Үздік жас ғалымы» халықаралық жобасының жеңімпазы атанды. Ол «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып жатыр.
Бұл жобаны Халықаралық студенттер қауымдастығы (Астана) «Bilim – órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мемлекет басшысы ұйымдастырған. Байқау Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына арналған жолдауын білім және ғылым саласының мамандары және студенттер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.
Байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерден келген жоғары оқу орындарының үздік студенттері білімін ортаға салып, ғылым саласында алғашқы қадамын жасап, зерттеушілік тәжірибелерін шыңдай түсті.
Altynsarin institute-тің 3 курс студенті «Мағжан символизміндегі балалық тақырыбы» тақырыбында ғылыми жобасын ұсынды. Зерттеу жұмысының авторы бұл тақырыпқа мол дайындықпен келген. Мағжан рухымен сырласа отырып, ақын поэзиясының бейнешілдігін өлеңдеріне сүйене отырып дәлелдеген, тілдік, суреткерлік шеберлігін, символдық бейнелерді талдаған.
Байқау комиссиясының шешімімен Нұрханым жеңімпаз атанып, 1-дәрежелі дипломмен, білім, ғылым, мәдениетке қосқан үлесі үшін «ТМД Үздік жас Ғалымы – 2023» төсбелгісімен және куәлікпен марапатталды.
Жас ғалым өзінің ғылыми жұмысын мектеп қабырғасынан бастап жүргізіп келеді, сонымен қатар аға оқытушылары Таутина Б.А. мен Айдарова Г.К. жетекшілігімен оны одан әрі жалғастырып, соңғы курста дипломдық дәрежеде қорғауды жоспарлап отыр.