Мемлекет басшысы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды

Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлу керек. Бұл туралы Астана халықаралық форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15%-ке түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз. Су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азия – су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік және бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ. Аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін мен Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы «жасыл» экономикаға қажетті жылдамдықпен көшу үшін тиісті ресурстар керек екенін айтты.

«Еліміз «жасыл» экономиканың мол мүмкіндіктерін ұсынып, қайта қалпына келтірілетін энергетиканың орталығы атана алар еді. Бірақ уақыт біздің жағымызда емес. Көмірді аз тұтыну және «жасыл» экономикаға қажетті жылдамдықпен көшу үшін бізге ресурстар мен серіктестік байланыс қажет, — деді президент.