Цифрлық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.
Заң жобасында мемлекеттік органдардың функциялары мен әкімшілік рәсімдерді заңнамалық деңгейде шамадан тыс реттеуді жою ұсынылады. Бұл ретте мемлекеттік және қоғамдық секторды цифрлық трансформациялау жөніндегі негізгі басымдықтарды, сонымен қатар жаһандық технологиялық трендтерді ескере отырып, цифрландыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері қайта қаралады. Құжатта цифрландыру субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін заңнамалық деігейде айқындау көзделгені жазылған.
Осыған байланысты заңнамалық деңгейде цифрландыру субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін, бақылау және қадағалау функцияларын қозғайтын Конституцияның 61-бабының талаптарына сәйкес жауапты мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері мен қағидалары, функциялары айқындалады, ө деілнген құжатта.
Құжат мәтініне сай, заң жобасы уәкілетті органдарға сыртқы және ішкі бизнес-процестерді оңтайландыру, жобалық басқарудың озық тәжірибелері мен цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.