Нархоз университеті Орталық Азияда алғашқы болып блокчейн технологиясы негізінде NFT дипломдарын береді. NFT дипломдары блокчейн жүйесінде сақталатын және қорғалатын бітірушілер метадеректерін қамтиды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, Нархоз Іскерлік кеңесінің мүшесі Әсет Тұрысов бұл бастаманың білім беруді цифрландырудағы маңызды қадам екенін айтты.
NFT дипломдарын енгізу — білім беруді цифрландырудағы маңызды қадам. Қазақстан мемлекет пен бизнестің цифрлық трансформациясының көшбасшысы болуға ұмтылуда. Цифрлық дипломдарды енгізу жалған диплом жасау алаяқтық әрекеттер жасау мүмкіндігін жояды. Бұл дипломдарды жалған жасауға болмайды, өйткені олар блокчейн технологиясы арқылы беріледі. Нархоздың Орталық Азиядағы NFT дипломын беретін алғашқы университет болатыны қуантады. Университеттің даму динамикасы және NFT дипломдарын енгізу сияқты батыл шешімдер университеттің ашықтығын көрсетеді».
Блокчейн технологияларын пайдаланатын ақпарат кейінгі өзгерістердің кез келген мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл қауіпсіздік пен құжатты қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Әрбір NFT дипломы оның жалғандығын жоққа шығаратын бірегей смарт келісімшартпен қамтамасыз етіледі.
NFT дипломдарын жасау тәжірибесі алғаш рет 2017 жылы Массачусетс технологиялық институтында қолданыла бастады.