Президент халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

Мемлекет басшысы халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кристалина Георгиеваға ілтипат білдіре отырып, халықаралық валюта қорымен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді.

Қормен арадағы ынтымақтастығымыз табысты жүзеге асып келеді және ол алдағы уақытта да жалғасады. Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіз елеулі екені анық, – деді мемлекет басшысы.