Ақша айырбастау орындарында доллар мен рубль арзандап жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443-449 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5–447,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 445,5–449 теңге аралығында құбылып тұр.

7 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,19 теңгеге төмендеп, 446,56 теңге болған.

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 446,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,49 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,39–5,63 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,35-5,5 теңгеден сатылып жатыр.