Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы су мәселесін жедел шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы елорданы сумен қамтамасыз ету туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай президент әкімшілігінің бақылауында болады.