Президент Shell компаниясының басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Shell концернінің бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді. Кездесуде Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.