Бүгін мемлекет басшысы үш маңызды кездесу өткізеді

Ақорданың ресми сайты бүгін мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланғанын мәлімдеді.

▪️ Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді. Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.

▪️ Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды. Кездесуде білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.

▪️ Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі. Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.