Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445,5–450,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 446,5–450 теңге аралығында құбылып тұр.

6 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,85 теңгеге төмендеп, 447,75 теңге болған.

Ұлттық банктің 7 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,71 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,51 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,39–5,63 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,42-5,52 теңгеден сатылып жатыр.