Таиландта қаза болған екі қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі

Таиландта қаза болған екі қазақстандықтың денесі жақын арада елге жеткізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

1 маусымда Артур Ысқақов шектеу шараларына қарамай, жағажайда суға түскен.

Ол суға батып бара жатқан қалыңдығын құтқаруға тырысқан. Бірақ өзі қатты толқынға төтеп бере алмай, суға батып кете жаздады. Оны шұғыл аурухана жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызды. Кеше кешкісін Артурдың жүрегі тоқтап қалды.

Бұл кейінгі бір аптада болған екінші жағдай, 3 маусымда тура сол жерде тағы бір қазақстандық қайтыс болды. Ол да шектеулерге қарамай, суға түскен. Оны да қатты толқын алып кетті. Қазіргі кезде консул туыстарына қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп жатыр. Жақын арада екеуінің денесі Қазақстанға жеткізіледі, — деді Айбек Смадияров брифиңде.