Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін ұзартады

Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррель деңгейінде ерікті түрде қысқарту мерзімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартады.

Бұл туралы энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұнай өндіруді қысқарту туралы сәуірде мәлімдеген ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдермен келісе отырып, алдын алу шарасы ретінде 2024 жылғы желтоқсанның соңына дейін тәулігіне 78 мың баррель мұнайды ерікті түрде қысқартуды ұзартады, — делінген хабарламада.

ОПЕК+ жексенбі күні өткен кездесудің қорытындысы бойынша мұнай өндірудің жалпы деңгейін 2024 жылдан бастап тәулігіне 40,46 миллион баррельге дейін түзетуге келісті. Осы орайда Ресей 2024 жылдан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 9,828 миллион баррельге дейінгі деңгейде реттеуі керек.