Елімізде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

5 маусымда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Қостанай қаласында 5 маусымда күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

5 маусымда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман болуы мүмкін. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі бар. Ақтау қаласында 5 маусымда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

5 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

5-6 маусымда күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қауіпі бар. Павлодар қаласында 5-6 маусымда күндіз 36-38 градус қатты ыстық және төтенше өрт қауіпі бар.

5 маусымда күндіз Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

5 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың шығыс жартысында төтенше өрт қауіпі бар.

5 маусымда күндіз Атырау облысының батысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

5 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

5 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай болуы мүмкін. Оңтүстік-батыс желі, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық болады. Қонаев қаласында 5 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

5 маусымда күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі бар. Актөбе қаласында 5 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қауіпі сақталады.